Сахна жұлдыздары танк астына түсті

Бұл көзбояушылық емес! Түсірілім алаңында кәдімгі қарудан оқ атылып жатыр. Тиіп кетсе, тесіп өтеді. Тура бір атыс-шабысқа толы фильмнің түсірілімі дерсің. Мұздай қаруланған топтың көздегені – мына шаңдатқан танкті атып түсіру. Біреуі тоқтатса, жеңіске бір қадам жақындамақ. Тұмшаланып алғандардың арасынан танымал әртістерді тани қою, тіпті, мүмкін емес. Бәрі бірдей қару кезеніп, танктің астына қорықпастан түсіп жатыр.   

Кенжебек Қожаханов, №21742 әскери бөлімінің взвод сержанты:

- Жаңа біз жүгірген кезде, танктің астынан өткен кезде біздің әскери қызметкерлер әрине бірінші өтіп жатқан жоқ, бірақ біздің арамыздағы жұлдыз әскери қызметшіміз өзінің нағыз жігіт екенін көрсетті. Танктің артына граната лақтырды, бұл «Ал, давай» тобының әншісі Шоқан Маратұлы!

«Ал, давай» тобының аппақ әншісін әскерилердің арасынан әрең таныдық. Бетін ыстық жел күйдіріп жіберген. Бірақ күнге әбден қақталғанына қарамастан, Шоқан әншілігін әскери өмірге айыбастамақшы екен. 


Шоқан Маратұлы, әнші:

-Әскерге барам.

 -Кім болғыңыз келеді әскерде?

 - Генерал болғым келеді!

Реалити-шоудың арқасында әнші төбелесуді де, қарудан оқ атуды да меңгеріпті. Енді айдалада минаатқышты қолдануды үйреніп жүр.   

 «Особое задание» жобасында  диджейлер мен бишілер де бар. Бұрын-соңды қару ұстамаса да, осы іске тез машықтанған.   

Танымал әртістердің таласы әлі де жалғасады. КТК телеарнасының көрермендері оны күзде көретін болады.  Бұл – «Особое заданиенің» төртінші маусымы.

Ұшы-қиыры көрінбейтін полигон. Алматының жаяу әскері міне нақ осы даладан дайындалып шығады. Қазір мұнда «Особое задание» бағдарламасының ең соңғы түсірілімдері жүріп жатыр. Соңғы ақтық сайыс ертең болмақ. Онда біздің жұлдыздар 6 түрлі қарудан атысып дайындалады.