Оның сөзінше, сахнаға оралатын жоспары жоқ, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz - ке сілтеме жасап.
Ол ешқандай әнші өзіне қарыз емес екенін әрі продюсер іздеп жатпағанын жеткізді.
"Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет. Соңғы болған жағдайларды өз аузымнан естіп-біліңіздер. 18 маусымда Тимур Нұғман бауырым көшеден тауып алып, бір күн қол ұшын берді. Сол үшін рақмет. Бірақ артынан көптеген жалған ақпарат таратқаны белгілі болды. Соңғы жағдайға байланысты "Нурикамал" авторы мен емеспін, жай орындаушымын. Ешбір әнші маған қарыз емес. Барлық әншіге ризамын. Бауырларым, туыстарым жанымда. Мені ешкім ренжіткен жоқ, өзім араққа тәуелді болғандықтан көшеге кетіп қалып жүрдім. Осы уақытқа дейін менің атымнан ақша жинаған жоқпыз. Менің атымнан ақша жиналып жатса, сенбеңіздер. Осы соңғы жағдай отбасыма, туыстарыма өте ауыр тиіп жатыр. Сондықтан жалған ақпараттарды жан-жаққа таратпауларыңызды сұраймын. Сахнаға шығу жоспарымда жоқ, продюсер іздеп жатқаным да жоқ. Ниеттеріңізге, көңілдеріңізге рақмет", - дейді ол.