"Сәләфиттердің қолынан қаза тапты": Атыраудағы кәсіпкердің өліміне қатысты тағы бір дерек айтылды

Бұл туралы ол Instagram Stories-те айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бүгін қаралы хабар алдық. Қарабауда бір ағамыз дүниеден өткен. Жай ағамыз емес, елдің ағасы. Баласы да біздің оқырманымыз, иманнан алыс адамдар емес еді. Ағамызды өлтірген сәләфилік бағыт ұстанушы жігіт. Дина базарында болған оқиға. Жарияламаңыз деп баласы өтінгесін алып тастадым. Десе де, мынаны жаза алмай тұра алмадым. Мемлекет күштік құрылымдарын жұмылдырып алдын алатын жағдай жетті. Болмаса тағы қанша адам өледі деп отырамыз?! Бұндайлармен жұмыс жасап келе жатқаныма 8 жыл болды, ілім түсінетін топ емес. Тек күштіден қорқады сайып келгенде. Таңнан бері ішкенім ішкен, жегенім жеген болмай отыр", - деп жазды ол.