Салафизм - өнер қайраткерлiрiн, спорт қайраткерлерiн, елдегi танымал тұлғаларды өзіне тартып алды - Ермұрат Бапи

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Abay live бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарлама барысында салафизм мен діни басқармаға реформа керегі айтылды.

ҚМДБ өкiлi, кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков өзiн салафиттердің өлтірмекші болғанын жасырмады.
- Менi салафиттер өлтiрмекшi болды. Себебi, бiз дәстүрлі дiнiмiздi насихаттаймыз. Жамағатты оларға ілестірмеу ушiн, ашык идеологиялык соғыс болғандықтан, қолымызға зат алып төбелеспеймiз. Идеологиялық тұрғыдан оларға тойтарыс беруге тырысамыз. Жамағатты оларға ілестірмеу үшін, олардың ырқына бермеу үшiн, алып калуға барымызды саламыз. Ол үшін не істеймiз? Түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырамыз, дастархан ұйымдастырып, уағыз айтамыз, жастарға футбол ұйымдастырамыз. Мерекелерде спорттық шаралар ұйымдастырамыз. Мешітке келген жастармен, жамағатпен оларға, яғни, саалфиттерге ілестірмеу үшiн, барынша жұмыс жасаймыз. Ал, ендi буларды жасамасак не болады. Олай бoлCa, oлaдың саны одан да көбеюі мүмкін. Сондықтан да ҚМДБ елеулі үлес косып жатыр.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Атыраудағы намазхандардың көпішiлгi салафиттер екенін айтты. Сонымен қатар, депутат дiни басқармаға реформа жасау керектігіне токталды.
- Атыраудағы намазхандардың 80 пайызы салафиттер. Мен Атырауға барып жүрген адаммын. Қайын жұрт бар деген сиякты. Ақтөбеде де сол. Базарға барсаң да, қай жерге барсаң да қаптаған салафиттер. 2000 жылдары Атырауда молда таба алмайтынбыз. Үлкен туысқанымыз қайтыс болып, сағат 4-ке дейін күттік. Молда жок болатын.
Салафизм - өнер қайраткерлiрiн, спорт қайраткерлерiн, елдегi танымал тұлғаларды өзіне тартып алды. Олардың қоғамға әсері өте күштi. Бiз өзi көсемсiген көсемшiл халықпыз ғой. Ал, көсемсiген азаматтарға бiзде еліктеу ете дамыған. Мәселен, Ұлытауға салафизм кайдан келді. Неге Ұлытауға барды? Неге Қостанайға, Көкшетауға бармайды? Себебi, ол жерде Бекболат Тілеуханның ықпалы күшті болды. Оның достарының, айналасындағылардың ыкпалы кушті болды. Сондықтан, Ұлытаудан Сирияға кетiп жаткандар да кеп. Салафиттерге қарсы тұру үшін, оларды елден ұрып қуып шыға алмаймыз немесе арнаулы органдардың айдауымен Қазақстаннан қуып шыға алмаймыз. Сондықтан, бiрiншi кезекте муфтият күшті болу керек. Муфтият осы терiс дiнге қатысты негiзгi авангардында болу керек. Сол ушiн авангардтың басында мықты-мыкты адамдар болу керек. Адамды ұйықтататын уағызымен болмайды
, деп пiкiрiн бiлдiрдi.

Loading...