Салған жолдары қыстағы жағдайға жарамсыз болып шыққан жол салушылар тендерлерге жіберілмейтін болады - Оңтүстік Қазақтан облысының әкімі

"Салған жолдары қыстан жаман жағдайда шыққан фирмалар келесі жылы тендерлерге жіберілмейді", - деп мәлімдеді Н. Әшімов.

Әкімнің айтуынша, биыл "республикалық жолдармен қоса жалпы жол салуға 12 млрд теңге бөлінген". "Биыл Шымкентте 60 көше жөнделеді", - деді Н. Әшімов. Ол осы ретте "жол салу жұмыстарының сапасы сын көтермейтіндігіне" тоқталды.

Н. Әшімовтың хабарлауынша, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлеріне жолдардың сапасын тексеруге тапсырма берілді. "Қазір барлық жолдарды қайта бір тексеріп шығып, акт жасап, қажет болған жағдайда наразылық құжатын (рекламация) беру қажет", -деді әкім.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті