Министрліктегі екінші адам жұмыстан босату жайында өз еркімен арыз жазып берген. Енді қандай қызметке жайғасары да белгісіз. Былтыр Үкіметтегі ауқымды қысқарту кезінде, Салидат Қайырбекованың министрлігі әлеуметпен қосылып, өзі бірінші вице-министр лауазымын місе тұтқан еді. Қайырбекова Денсаулық сақтау министрі болып 2010 жылы, пара алды деп 7 сотталып кейін ақталып шыққан Жақсылық Досқалиевтің орнына келген болатын. Басынан дау арылмайтын саланы реформалауға кіріскенімен, оның барлығы нәтижелі болды деу қиын. Қайырбекованы кімнің алмастыратыны белгісіз. Бірінші вице-министрдің орыны әзірше бос тұр.
Loading...