Салюттар атылып жатыр деп алдап қоямын - Жазира Байырбекова Дубайда бомба астында қалғанын айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz хабарлайды.

Әншілер демалуға Біріккен Араб Әмірліктеріне барған көрінеді, алайда бүгінде барлық әуе рейсі тоқтатылғандықтан, елге қайта алмай отыр. Күні кеше Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында байланысқа шықты.

“Директ пен WhatsApp-қа жазып жатқан барлық туған-туыс, дос-жарандарға рақмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Ниеттеріңізге көп рақмет! Алла қаласа жақсы күнде жолығамыз”, – деді Жазира Байырбекова.