"Салпақтап жүре берме": Мұхамеджан Тазабек қыздарға жар таңдауға қатысты кеңес берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеода қыз бала махаббатқа тез елігетінін айтып, жігіт маңызды қадам жасаған жағдайда бұл туралы жақындарына жеткізу керегін атап өтті.

"Жар таңдағанда ұл баланың қасынан ағасы, көкесі табылып қалар. Ал қыз бала махаббатқа тез еліктеп қалады. Қыздарға айтарым: Саған бір жігіт сөз айтып, жауапты қадам басты ма, екінші басатын қадам - сен үшін жауапты адамдарға айту. Салпақтап жүре берме. Үш жылдан кейін жылатып тастап кетті дейтін тағдырлар қаншама?! Көңіліңе жағып тұрса, ары қарай көрейік деген болмайды. Ешкім ешкімге өзінің негізгі сипатын көрсетпейді. Оның бәрі некеден кейін ашылады. Негізгі мінездер "сен қайда барасың, енді кетпейсің" деген кезде ашылады. Сондықтан сен үшін жауапты адамдарға "осындай жігіт қадам басып жатыр" деп айт. Ол - жеңгең, ағаң, көкең, әкең", - дейді ол.

Желі қолданушылары Мұхамеджан Тазабектің бұл жазбасына түрлі пікірлер жазуда.

"Неге айтады? Өзі шешкені дұрыс. Оның өмірі, өзіне ұнағанын істесін", "Өте дұрыс", "Қыздың өмірі өте қиын. Қателегін өмірімен өтейді", "Дұрыс айтасыз, жасырмау керек", - деп жазды олар.