Салтанат Бақаева Бибігүл Төлегенованың денсаулығына күтпеген жерден зиян келтірді

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жасы 90-ға жақындаса да, Бибігүл Төлегенова әріптесін қуанышымен құттықтап келді. Өнердегі іні-сіңлілерін көріп бір марқайып қалған әншінің көңіл-күйі де тамаша еді.

Алайда кеш барысында актриса әрі әнші Салтанат Бақаева Бибігүл Төлегенованың денсаулығына зиян келтіретіндей әрекетке барды. Ол бұлбұл әншімен суретке түсемін деп оның көзіне залал келтірді. Бұл туралы Салтанаттың өзі желідегі парақшасында жазды.

«Ойда жоқта Бибүгіл апайымды ренжітіп алдым. Әдетте телефонымның жарығын қоса алмай әлек болушы едім, дәл бүгін осы суретті түсіргенде істеп кеткенін қарасаңшы. Апайымыздың көзіне зиян екен. Өте ұялдым. Әлі де бүкіл оқырмандарымның алдында кешірім сұраймын. Дегенмен суретті естелік ретінде салып қоюды ұйғардым», – дейді Салтанат.