Салтанат Бақаева өз әнінің авторын білмей, ұятқа қалды

Осыдан біраз уақыт бұрын семейлік ақынға қаламақы бермегені үшін елден сөз естіген Бақаева бұл жолы әннің сөзін жазып берген авторды есіне түсіре алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Су жаңа әнім бар. «Сен үшін» деп аталады. Ғазизхан жазған әнін. Сөзін жазған Сара Тоқтақұлова. Ммм… Тоқтамысова ма? Тегі қандай еді? Қазір-қазір, қай ақын еді”, – деп сасып қалды Салтанат.

Салтанат есімін еске түсіре алмаған ақын анша-мұнша емес, белгілі айтыскер Сара Тоқтамысованың өзі.