Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Бибігүл Дәулетбекқызының желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист Бибігүл Дәулетбекқызының желідегі парақшасында мынадай видео пайда болды:
"Иә, иә, дәл өзі...
Қыз кезіндегі кезі...
Түк білмегендей болып қазір тойларда сызылып жүргеніне таңым бар...
Е, халқым-ай, аңғал қазағым-ай... Осы әнші талай қыздарды "Әгугәй"- мен ұзатты-ау...
Мына "жасыл киінген клоундар" қазақтың атынан садақа кеткірлер осылай ютубта жүр ме жалаңаштанып?! Боратың ойнамай қалды ғой мыналардың жанында. Жеткен жерлері осы болды ғой.
Салтанат Назеркеге шапылдап телефонмен: "Қырық жылғыны қозғап деп" еді. Міне, нағыз қырық жылғы кезеңің...
PS: Оқырмандарымның бірі мына видеоны жібергенінде, басында түк түсінбедім. Өз көзіме сенгім де келмеді. Жас ақынды түтіп жегенше, бұл әнші алдымен осы клипі үшін Халықтың алдында кешірім сұрасын!"