Осыған байланысты Төлеутай Рақымбеков Facebook желісіндегі парақшасында өз шындығын айтып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Маған тағылған айыппен әлеуметтік желілерде таратылатын ақпарат, ең алдымен, менің марқұм жұбайым Салтанат Рақымбекованың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретінін өкінішпен мойындауға мәжбүрмін.
«Алтын көрсе періште де жолдан таяды»,-деп бабаларымыз айтқандай, асырап алған қызымыздың еш нәрсенің байыбына бармастан, үшінші тұлғалар тарапынан болған әзәзілдік құрбаны болғанына шын жүректен өкінемін.
Мен бұл арам әрекеттің артында өзімшіл мүдделер мен қалыптасқан жағдайда бізге белгілі адамдардың пайда табуға деген ұмтылысы тұрғанына сенімдімін.
Аллаға тапсырдым!
Бұл жазбада айтылғандардың бәрі өтірік пен жала екені түсінікті.
Бұл жазбада жалғыз шындық - Салтанат екеуіміз оны шынымен асырап алғанымыз.
Кейіннен біз, Салтанат екеуіміз, бұл ісімізге бірнеше рет өкіндік, бірақ соңына дейін лайықты адам тәрбиелеуге тырыстық. Анығы сол, марқұм жұбайым екеуміз бұған қол жеткізе алмадық.
Ендігі мәселе заң қолында. Мен өзімнің және марқұм жұбайымның атын қаралауға жол бермеймін.
Ойым ар-намысқа нұқсан келтіретін және адам жайлы естелікті қаралайтын жала жабу туралы талаппен әділет органдарына жүгіну", - деп жазды Төлеутай Рақымбеков.