Салтанат Нүкенованың ата-анасы сот залынан аруханаға түсті

Оның себебін жәбірленуші тараптың қорғаушысы Жанна Уразбахова айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, соңғы өткен бірнеше сот отырысы марқұм Салтанат Нүкенованың ата-анасына ауыр тиген. Себебі сот залында қанды түннің бейнежазбалары көрсетілген. Сондай-ақ оқиға орнында түсірілген фотосуреттер мен сот-медициналық сараптамасы алқабилерге таныстырылып, оқылған. Оның алдында Нүкенованың ата-анасы істің материалдарымен таныспаған екен.

Адвокаттың айтуынша, осының барлығы Салтанат Нүкенованың ата-анасының денсаулығына кері әсер етті. Сот залынан бірден ауруханаға түскен. Әлі де жағдайлары жақсармапты.

Еске сала кетейік, Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сәуірдің 8-і күні өткен сот отырысында күдіктіден бөлек, куәгерлерден жауап алынды. Оның ішінде алғашқы көмек көрсеткен жедел жәрдем қызмекері, марқұмның сіңілісі, полиция қызметкері мен сол түні ресторанда жұмыс істеген дизайнер болды.