Салтанаттың ағасы қарындасының Мальдивте демалған кезде таяқ жеген жаңа суретін көрсетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedi.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанат Нүкенованың фотосуреті

– Бұл фотосуреттер 23 наурызда хат алмасу кезінде Салтанаттың ағасына жіберілген. Аталған фотосуреттерді біз басып шығардық әрі Салтанаттың денесінде көптеген дене жарақаты барын көрдік: білектерінде, шынтақ, иығында, бетінде, сол көздің астында және сол иықта үлкен жарақат бар, - деп атап өтті жәбірленушінің адвокаты Жанна Оразбақова.

Ол бұл фотосуреттер 2023 жылдың ақпан айында, Нүкенова мен Бишімбаев Мальдив аралдарында демалып жатқан кезде түсірілгенін айтты.