Салық комитеті салық төлеушінің тіркеу мәліметтерін салық құпиясының құрамынан шығаруды ұсынады

"Салық төлеушінің тіркеу мәліметтерін - мекен-жайы, жеке тұлғаның, құрылтайшылардың, басқарушылардың туған ай-күні және басқа да деректемелерді салық құпиясының құрамынан шығаруды ұсынамыз",- деді Н. Рахметов. "Мынадай бір сәйкессіздік бар: біз қаржы полициясына Қосалқы құн салығы бойынша бақылау-тексеру нәтижелері жөніндегі материалдарды береміз. Ал қаржы полициясы бізден барлық мәліметтерді сұрағанда, біз олардың салық құпиясы екендігін айтамыз",- деп түсіндірді ол.

"Салық құпиялары жөніндегі нормалар салық органдарының басқа да мемлекеттік органдарға салық төлеушілер туралы қажетті мәліметтер беруге мүмкіндік бермейді",- деп атап өтті Н. Рахметов. "Салық құпиясына жатпайтын мәліметтер аясын кеңейту туралы мәселені қарастыру қажет деп санаймыз",- деп мәлім етті Қаржы министрлігінің салық комитетінің басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті