Салық органдарының талаптарын елемеген 13 компанияға айыппұл салынды

Солардың ішінде камералды тексеру барысында активтерін шет елдік жеке тұлғаның атына өткізіп жіберген және салық заңнамасын бұзған компания анықталды. Бірақ салық органының қателіктерді жою туралы талаптарын ескермегендіктен, бұл компанияға қосымша жоспарсыз тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 1,3 млрд. теңгеге салық салынды. Оған қоса аталмыш компания енді бюджетке тағы 300 млн. теңге айыпұл төлеуі тиіс.   

Жыл басынан бері Алматы қаласында 2043 заңды тұлға камералды тексеру нәтижесінде анықталған қателіктерді қосымша декларация тапсыру арқылы өз еріктерімен жойған. Осы қосымша декларациялар бойынша оларға 24,7 млрд. теңге салық салынды. Әзірге 23,1 млрд. теңге бюджетке өндіріп алынды.   

Айта кетейік, салық заңнамасына сәйкес, камералды тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтарды салық төлеуші, салық органының хабарламасын алған күннен бастап өз бетімен 30 жұмыс күні ішінде жоюы тиіс. Бұндай жағдайда салық төлеушіге айыппұл салынбайды.