Салық түсімдерінің Жалпы ішкі өнімге шаққандағы қатынасы 2008 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,7 проценттік пунктке - 25,6% дейін өсті

"Салық түсімдерінің Жалпы ішкі өнімге шаққандағы қатынасы 2008 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,7 проценттік пунктке - 25,6% дейін өсті, ал былтыр ол 23,9% болған", -деді Н. Рахметов. "Мұндай көрсеткішке ҚҚС мен әлеуметтік салық ставкасы төмендетілгеніне қарамастан, қол жетті", -деді ол.