Салық және басқа да алымдар түрінде ҚР бюджетіне құйылатын төлемдер мөлшері бір жылда 60 процентке артты



Атап айтсақ, корпоративті кіріс салығының түсімдері 419 204 млн. теңгені құрап, 2004-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 2 еседен артық өсімге қол жетсе, жеке кіріс салығы 74 555 млн. теңгені (өсім 20,3 процент), әлеуметтік салық түсімдері 119 552 млн. теңгені (өсім 13,8 процент) құрады.
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен салық түсімдерінің көлемі 92,5 процентке өсті. Аталмыш салық статьясы бойынша жиналған алымдар мөлшері 8 айда 223 916 млн. теңгені құрады.
Бюджетке жалпы аударымдардың құрылымындағы салық емес түсімдер 35 184 млн. теңгені құрап, 2004-жылғы қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 47,2 процентке азайды. Салық емес түсімдер мөлшерінің кемуі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауар сатудан тапқан пайдасынан өзге барлық статьялар бойынша тіркелді. Ал тауар сатудан түскен төлемдер 620 млн. теңгеге дейін 3,5 есе өсті. Салыққа жатпайтын түсімдер құрылымында абсолютті санмен айшықтағанда ең жоғарғы үлес салмақ мемлекеттік меншіктен түскен кіріс бойынша тіркелді. Ол 21 316 млн. теңгені құрады. Бірақ проценттік көрсеткіш бойынша бұл түсімдердің көлемі бір жылда 50 процентке кеміді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті