А.Самақованың айтуынша, "қазіргі жағдаймен бұл саладағы бейресми ұйымдар бір-бірінен мейлінше алшақтап, бытырау-тарау күйде ұсақ күйбеңге кірісті. "Одан да өзара бірігіп, "жасылдар" партиясын құрып, күрделі ғаламдық проблемаларды шешкен жөн. Экологиялық мәселелердің түйінін тарқатуда үкімет пен мемлекетке көмекші болсаңыздар",- деген ұсыныс жасады А.Самақова.
Үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері министрдің ұсынысын қолдады. "Қазір біз партия құру бағытындағы жұмыстарды пәрмендендіре бастадық",- деді Қазақстанның "Табиғат" экологиялық кәсіпорындары мен қауымдастықтары одағының төрағасы Мэлс Елеусізов. Оның айтуынша, "бұл партия көп адамның басын біріктіре алады. Олардың арасында 14 жастағы балалар мен жастар да бар",- деді ол.