Самат Смақов "Тараз" директоры болуы мүмкін - БАҚ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ мәліметінше, 41 жастағы Смақов аталған лауазымға үміткерлердің бірі. Оған негізгі себеп - Смақовтың 2015-2019 жылдары Ақтөбе облысының әкімі болған, бүгінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен жақсы таныс екендігі болуы мүмкін екен. 

2018 жылдың қаңтарынан "Тараз" директоры 49 жастағы Қазақстан құрамасының экс-футболшысы Қанат Мұсаев болған. Кейіннен 2019 жылғы кезең аяқталғаннан кейін ол қызметінен кеткен. Әзірше оның орнында клубта 2003 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Ғабит Қазбеков.