Самбо: қазақстандық Г.Тұрмаханова әлем чемпионы атанды

Халықаралық самбо федерациясының ресми сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 52 келі салмақта әйелдер арасында қазақстандық Гауһар Тұрмаханова чемпион атанды. Ол финалда ресейлік Анна Харитоновадан басым түсті. Сондай-ақ жарыстың екінші күні ерлерден қазақстандық Асылбек Әлкей 74 келі салмақта қола жүлдеге ілінді. Әскери самбодан Руслан Аушев 100 келіден жоғары салмақта тағы бір қола жүлдені еншіледі.

Әлем чемпионаты ертең мәреге жетеді.