Самбодан әлем кубогі кезеңінде жалпыкомандалық есепте қазақстандықтар жеңіске жетті

Жекелей сында ерлерден өз салмақ дәрежелерінде Медет Оңдағанов, Асхат Шайхиев, Бағдат Жарылғасов (үшеуі де Қазақстан, Орал қаласынан), Бека Имирлишвили (Грузия), Уәли Куржев, Сергей Сапожников (екеуі де Ресейден), Алексей Цепанков (Беларусь), Дмитрий Воронин, Евгений Исаев (екеуі де Ресейден) жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында Елена Бондарева, Мария Молчанова, Диана Алиева, Светлана Бурцева, Екатерина Онопиенко, Марина Кормильцева, Светлана Аверушкина, Наталья Казанцева және Анна Балашованың (бәрі де Ресейден) бағы жанып, бірінші орынды еншіледі. Оралдан Алмагүл Орынғалиева мен Альмира Исатаева қола жүлдегер атанды.

Барлық жеңімпаз-жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен, диплом, медальдармен марапатталды.