Самбодан әлемнің суперкубогінде батысқазақстандық Е.Байбатыров топ жарды

«Лужники» спорт кешенінде өткен жарысқа әлемнің 25 мемлекетінен 250-дей спортшы қатысты. Бұл жолы 57 келі салмақта сынға түскен Ерболат финалда тәжік балуаны Ахлиддин Каримовты тізе бүктірді. Ерболат бұдан бұрын екі жыл қатарынан осы турнирде күміс жүлдегер атанған болатын.

74 келі салмақта күрескен Асылбек Әлкей қола жүлдеге қол жеткізді.

Самбодан әлемнің төрт дүркін чемпионы Е.Байбатыровтың бапкері - Райымбек Меңдіғалиев.