Самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында 4 қазақстандық спортшы чемпион атанды


Оған 24 елден 370 спортшы қатысты. Бәсекеде жастар арасында бозбалалар мен бойжеткендер - 10, ал жасөспірімдер арасында ерлер - 10, қыздар 9 салмақ дәрежелері бойынша белдескен болатын. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан мен Ресей төрт-төртен, ал Армения, Болгария, Грузия және Моңғолия балуандары бір-бірден алтын медаль олжалаған еді. Қазақстандықтардың қоржынына жарыстың өзге күндері бірде-бір алтын медаль түскен жоқ. Мәселен жұма күні ресейліктерден - 5, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Сербия және Украинадан бір-бір балуан Әлем чемпионы атанды. Ал жарыстың соңғы күні ең биік тұғырға ресейліктер 4 рет, грузиндер, болгарлар мен украиндар екі-екіден, беларус пен моңғолдар бір-бір реттен көтерілді.