"Самғау" холдингі "Хабар"агенттігі акцияларының саудаға салынған қоржынын сатып алды

2008 жылдың 21 наурызында Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығының арнаулы сауда алаңында осы агенттік "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторында айналымға шығарған "Хабар" агенттігінің KZ1C34560017 қарапайым акцияларының арнаулы сауда-саттығы өтті.

Агенттік ақпаратына сәйкес, "Хабар агенттігі" АҚ-ның 570 848 дана қарапайым акцияларынан тұратын пакеті саудаға салынды, бұл шығарылған және саудаланған жалпы акциялар көлемінің 49,99%-ын құрайды. Бұл қоржынды "Самғау" Ұлттық-технологиялық холдингі" АҚ Қазақстан қор биржасы жүйесінде жүргізілген арнаулы сауда-саттықтар ережесіне сәйкес бәсекелі сауда барысында бір лотпен сатып алды.

""Самғау" Ұлттық-технологиялық холдингі" АҚ -ның "Хабар агенттігі" АҚ-ның акцияларын сатып алуы холдингтің тіке интеграциялы ақпараттық-технологиялық компания құру жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылады", - деп мәлімдейді "Хабар" агенттігіндегілер.

"Хабар агенттігі" АҚ эфирлік "Хабар", "Еларна", ұлттық спутниктік "Caspionet" телебағдарламасы мен "Радио Хабар" радиобағдарламасын меншіктенеді.