"Біз сіздің тапсырмаңызға сәйкес, холдингті дамыту стратегиясын қазанның ортасында дайын етеміз, атап айтқанда онда "электронды үкіметті" дамыту мәселелері де көрініс табады",- деді Азамат Әбдімомынов Қазақстан Республикасының премьер-минисрі Кәрім Мәсімовке қаратып айтқан сөзінде.
Оның айтуынша, стратегияға ходинг ұсынып отырған "мемлекеттік мәліметтер базасын талдау және реинжиниринг кіреді, ол "электронды үкімет" құру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында құрылмаған мәліметтер базасын құруды қарастырады".
"Біз сондай-ақ заңда қалып отырған "электронды үкіметті" құру мен оның жұмыс істеуі жөніндегі мәселелердегі "ақтаңдақтарды" арылту үшін заңнамалық базаға талдау жүргізуді ұсынамыз",- деп қосты ол. Стратегияда сондай-ақ, "электронды үкіметтің" шлюзіне қосылу арқылы кең көлемді ақпараттық -коммуникациялық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Барлық осы шаралар "электронды үкіметті" мемлекеттік басқару жүйесі ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді",- деп санайды Азамат Әбдімомынов.
"Стратегияда сондай-ақ интеллектуалдық меншікті, ғаламдық геоақпараттық инфрақұрылымды бағалау маркетингі мен коммерциализациялау жүйесін құру мәселелері де көрініс табады",- деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті