Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Самғау" өкілдері кездесу барысында американдық әріптестерін холдинг пен оның еншілес бөлімшесі - "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы" АҚ-ның іс-қызметімен таныстырып, әріптестік жөнінде бірқатар келісімдер жасаған. Атап айтқанда, қазақстандық өкілдер АҚШ-тың ғылымды ілерілету жөніндегі қауымдастығымен ынтымақтастық және біріккен сараптама-талдамалық жұмыстар жүргізу туралы келісімге қол қойған.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстанның өкілдері сондай-ақ халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа көмек көрсету үшін құрылған АҚШ-ның Азаматтық зерттеулер қорының сарапшыларымен кездескен. STEP ("Бизнес пен ғылымның серіктестігі") бірлескен бағдарламасы аясында келіссөздер жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша Алматыда үстіміздегі жылдың желтоқсанында венчуралық конференция өткізу туралы шешім қабылданған, онда STEP бағдарламасының жеңімпазы анықталатын болады.
Сонымен қатар, "ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту аясында қазақстандық ғалымдардың халықаралық ақпарат ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі біріккен іс-қызмет туралы келісімге қол қою жоспарлануда", деп хабарлады "Самғау" АҚ баспасөз қызметіндегілер. Бұл жобаның нәтижесінде 2008 жылдан бастап қазақстандық ғалымдар ғылым және технология салаларында маркетингтік зерттеулер жүргізіп, барлық беделді ғылыми-техникалық баспалар мен электрондық түрдегі патенттік ақпараттарға қол жеткізе алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті