Galaxy Note 7 смартфонын өндіру және жобалау кезінде жіберілген ағаттық аккумулятордың жанып кетуіне себеп болған деп жазады РИА Новости Associated Press басылымына сілтеме жасап.
"Құрылғыны құрастыру және аккумуляторды жобалау барысында жіберілген ағаттықтар смартфонның тұтануына себеп болған" деп Samsung бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алды. Агенттіктің дерегі бойынша, 700 зерттеушілер мен инженерлер 200 мыңнан астам құрылғы мен 30 мыңнан астам аккумуляторға сынақ жүргізген.