Құрылғының өзгелерден ерекшелігі оның стилусы бар. Мұндай «қаламсабы» бар планшеттер, әдетте қымбат тұратыны белгілі. Оның жұмыс өнімділігі де жоғары болады, деп жазады planet-today.ru.
Планшет ақ және қара түсті етіп шығарылған. Салмағы 487 грамм, ал экран диагоналі - 9,7 дюйм. Құрылғының қуатты батареясы бейнероликтерді үздіксіз 14 сағат бойы көруге мүмкіндік береді. Екі камералы: алдыңғысы 2, ал негізгісі 5 мегапиксельді. Ал осыған дейін компания Galaxy А8 ең жіңішке смартфонын шығарған еді, деп жазады 24.kz.