"Самұрық" активтерді қайта құрылымдау саясатын дәйектеді

"Активтерді қайта құрылымдау саясаты дәйектелді, ол таяу уақыттарда компаниялардың директорларының кеңесіне олардың өзіндік қайта құрылымдау бағдарламаларын жасауда басшылыққа алу үшін таныстырылады", - деді Қ. Бозымбаев.

Оның айтуынша, "жеті компанияның жиынтық активтері құрылымында 300-ден астам еншілес ұйымдар бар". Бұл ретте, ""ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ мен ""Қазақстан темір жолы" ҰК құрылымында еншілес компаниялардың, соның ішінде салалық емес компаниялардың саны өте көп".

"Алдын-ала талдау көрсеткендей, "ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ құрылымында шамамен 190 компания бар, оның 40% басты бағытына жатпайтын компаниялар санатына жатқызылған", - деді Қ. Бозымбаев.

Оның айтуынша, холдинг "компаниялардың активтерінің құрылымын реттеу процессінде белсенді роль атқаратын болады, өйткені, өз бағытына жатпайтын қызмет түрлері компанияның ресурстарын негізгі операциялық іс-қызметтен басқа бағытқа бұрып жібереді".

Қ. Бозымбаевтың түсіндіруінше, 2008 - 2010 жылдары "басты бағытқа жатпайтын 100 жуық компанияны сату көзделуде".

"Біздің қаржы министрлігімен келісімімізге сай, қаржылық жағынан тұрақты әрі табысты салалық емес компанияларды біз қор нарығында сататын боламыз", - деді "Самұрық" басшысы.