"Самұрық" АҚ басқармасының төрағасы президентті мемлекеттік холдингтің 2007 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысымен және ағымдағы жылғы жоспарымен таныстырды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Самұрық" АҚ басқарма төрағасы президентті мемлекеттік холдингтің 2007 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысымен және ағымдағы жылғы жоспарымен таныстырды.

Есеп беру кезеңі ішінде "Самұрық" табыстары 8 пайызға өсті. Қазіргі кезде холдинг 12 ірі инвестициялық жобаны, оның ішінде электр энергетика саласындағы 9 жобаны жүзеге асыруға дайындалуда.

"Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында электр энергиясының даму мәселелеріне баса назар аударды. "Самұрық" холдингі үш ірі жобаны жүзеге асырмақ. Олар - Балқаш ЖЭС-сін, Екібастұз ГРЭС-2-дегі 2-ші және 3-ші энергоблогын салу, сондай-ақ Мойнақ ГЭС құрылысын қалпына келтіру", - деді Қ.Бозымбаев журналистерге арналған брифингте.