"Самұрық" басшысы үкіметтен Мойнақ Су электр станциясының құрылысына арналған несиеге мемлекеттік кепілдік беруді сұрайды

"Мойнақ Су электр станциясының құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыру мақсатындағы Қытай даму банкінің 100 млн АҚШ доллар көлеміндегі несиесіне мемлекеттік кепілдік беру немесе бермеу туралы шешім қабылдау қажет", - деді

С.Мыңбаев.

"Олай болмаған жағдайда біз Қазақстан Даму банкі 2005 жылы тартқан 25 млн АҚШ доллары көлеміндегі несие бойынша дефолтқа ұшыраймыз",- деді ол. "Бізге шешім қажет. Егер шешім болмаса, біз басқа жол іздейміз",- деп қорытындылады өз сөзін "Самұрық" басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті