"Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес біз үкімет пен Ұлттық банкке сырттан алынатын қарызды ішкі қарызға ауыстыру мүмкіндігі туралы ұсыныс енгіздік. Ұсыныстар Солтүстік Каспий консорциумы мен КТК-ға қатысты",- деді С.Мыңбаев.
"Бұл аса ауқымды қаржы. Сол себепті біз осы нарықтан осы тектес шешімді іздей беретін боламыз",- деді ол.
Өз кезегінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мұның "принциптік мәселе екенін, осы бағытта алға жүріп, мүмкіндіктерді іздестіре беру қажеттігін" атап өтті. "Бағалы қағаздардың ішкі нарығының аясын кеңейту мәселесін шешу жолдарын қарастыру керек",- деді К.Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті