"Самұрық" мемлекттің энергетикалық мүддесін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда

"Холдинг мемлекет мүддесін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы жұмысына кірісіп кетті",- деп мәлім етті Асқарбек Қуанышбаев.

Атап айтқанда, оның айтуныша, "қазіргі уақытта холдинг басқаруымен "Екібастұз ГРЭС-2" акциясы қайтарылып, "Қазмырыш" акционерлік қоғамымен Бұқтарма ГЭС концессиялық келісім шартына қатысты қажетті өзара түсіністіктерге қол жеткізілген, сондай-ақ қолданыстағы концессиялық келісім шартына сәйкес өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр".

"Өскемен және Шүлбі СЭС концессиялық келісім шартына тоқталатын болсақ, холдинг осы мәселе бойынша мемлекет мүддесін қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарастыруда",- деді Асқарбек Қуанышбаев. "2008 жылы холдинг заң компаниясымен бірлесе отырып, аталмыш концессиялық келісім шарт ревизиясына қатысты жұмыстарды жалғастыруы мүмкін",- деп қосты ол.