"Самұрық - Қазына" қорының басшысы үкіметтен "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" заң жобасын жедел қабылдауды сұрады

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов те бұл өтінішті мақұлдады. Оның айтуынша, аталған заңды қабылдамайынша, 2009-2010 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру қиынға түседі. Онсыз қор банктерді қайта қаржыландыру шарасын жүзеге асыра алмайды, деді Қ.Келімбетов.