"Қазір бізде (қауымдастықта - агенттік ескертпесі) жолаушылар тасымалын реттеу жөніндегі кесте жасау және дотациялау бойынша бірқатар ұсыныстарымыз бар. Менің ойымша, ол шамамен екі жылдай уақыт алады. Қазір бұл жұмыстар басталды. "Самұрық" жолаушылар тасымалын дотациялаудың жаңа жүйесін жасауға тендер жариялады. Тендердің жеңімпазы қазіргі жүйенің барлық кемшіліктерін ескеріп, бұл жұмысты жасауға жаңа көзқараспен кірісуі керек", - деді ол.
Оның пайымдауынша, заңнамалық-нормативтік базаның жетілмегендігінен бір компанияны есептемегенде балама жолаушы тасымалдаушылар өзіндік материалдық базасыз және өз қызметкерлерінсіз келді. "Олар мемлекеттен дотация алып отырғандықтан келді. Тендерді жеңді, осы дотацияны алады, сосын, шамалары келгенше ұйымдастырады. Олардың ой түкпірінде қаламнан басқа түк жоқ. Міне, бізде қалыптасқан жүйе осындай", - деп сендірді қауымдастық төрағасы.
"Біз бұл кестені өзгертудің екі жолын ұсынамыз. Біріншісіне сәйкес жолаушылар тасымалдаушысы деп тек өзінің қызметкерлері мен жылжымалы құрамы болғанда ғана есепке алу керек. Бұл жағдайда лицензия беруді дұрыс жолға қою керек. Бұл ретте тасымалдаушылар тек өзінің жылжымалы құрамы мен қызмет көрсететін жұмысшылары болған жағдайда ғана Көлік және коммуникация министрлігімен келісім жасасып, субсидия ала алады", - деп сөзін жалғастырды Н. Есенғарин. "Екінші жолы - қазіргі өзінің жылжымалы құрамы жоқ баламалы тасымалдаушы жолаушылар тасымалының операторы болуы. Онда ол Көлік және коммуникация министрлігімен дотация жөніндегі келісім жасасады да, жолаушылар тасымалын оның жұмысы мен оған берілген өзінің жылжымалы құрамы және персоналын бақылауға алатын "Жолаушылар тасымалы" АҚ келісе отырып ұйымдастырады", - деп толықтырды ол.