Бұл туралы қор басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
«Біз 2015 жылғы шығындарды қысқарту жұмыстарын жүргіздік. Биыл ағымдағы шығындарға жұмсалатын 337 млрд теңге қысқартылады. Соның ішінде, «ҚазМұнайГаз» компаниясы бойынша 134 млрд теңге, «Қазақстан темір жолы» бо»ынша 84 млрд теңге т.б. үнемделеді. Жалпы, ағымдағы шығындар 8 пайызға қысқартылады», - деді ол үкіметтің кеңейтілген отырысында.
«Біз өнімнің өзіндік құнына ерекше көңіл бөліп отырмыз: бұл жерде 248 млрд теңге (6,6%) үнемделеді, әкімшілік шығындар 17 пайызға қысқарады», - деп қосты ол.