Самұрық-Қазына мемлекеттік қоры төрағасының орынбасары Қазпочта директорлар кеңесіне жетекшілік етуде

"Қазпочта" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры төрағасының орынбасары Елена Бахмутова сайланды, делінген Ұлттық банктің мемлекеттік қаржылық қадағалау комитетінің хабарламасында.


           Бұл шешімді компанияның жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының басқармасы қабылдады. Ұлттық банктің мемлекеттік қаржылық қадағалау комитеті бұл шешімге 15-тамызда келіскен.
           Қазпочта директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі - 2 жыл (2015 жылдың 7-тамызына дейін).
           Е.Бахмутова "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры төрағасының орынбасары қызметін 2012 жылдың қаңтар айынан бері атқаруда.
           "Қазпочта" – Қазақстан аумағында почталық және қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын почталық байланыстың ұлттық операторы.