Жиында Федерацияның атқару комитетінің жаңа құрамы да сайланды. Оның құрамына Қордың басқарма мүшесі-басқарушы директор Қайрат Ийтекенов кірді.
Қайрат Келімбетов өз қызметіне кірісіп тұрып, мемлекеттің соңғы уақытта әлемдік деңгейде мықты жетістіктерге қол жеткізіп жүрген велоспортты әрі қарай да қолдай беретінін айтты.
"Сіздердің спорттағы жетістіктеріңіз Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджін көтеру үшін аса маңызды. Велосипедист-спортшылар алдарына өте үлкен міндет қойып отыр, біз де соған сәйкес болуымыз керек",- деді Қ.Келімбетов.
Федерацияның вице-президенті, соңғы уақытта президент міндетін атқарып келген Николай Проскурин жиналғандарға соңғы жыл ішінде жасалынған жұмыс барысымен таныстырды: елде бірнеше велоспорт мектептері ашылып, Астанада велотрек құрылысы аяқталып жатыр, жасөспірімдер арасындағы құраманың спортшылары Олимпиада ойындарына бірнеше жолдаманы жеңіп алған.