Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, бұған дейін ҰӘҚ-дағы өзгерістер барысында компанияның бірнеше топ-менеджерлері қызметінен босатылған еді: Құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор - "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшесі Андрей Кравченко; "Самұрық-Қазына" АҚ-тың корпоративтік басқару, әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры Мұхтар Манкеев; "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директоры Ерлан Тұрмағамбетов; "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Мұхтар Тәжіғалиев; "Самұрық-Қазына" АҚ қоғаммен байланыс және үкіметпен байланыс жөніндегі тең басқарушы директоры Бектенбай Есполов; "Біріккен химиялық компания" ЖШС басқарма төрағасы Жанат Түсіпбеков пен Samruk-Kazyna Trust бас директоры Қуат Қожақов.
"Сіздің журналистік сауалыңызға жауап ретінде, Tengrinews.kz редакциясы сұратқан жұмыстан босатылған және қысқартылған қызметкерлерге қатысты мәлімет ҚР Азаматтық кодексінің 126-бабы 1-тармағына, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабына, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" ҚР заңының 1-бабы 8-тармағына және "Самұрық-Қазына" АҚ ақпаратты ашу және сақтау қағидаларына сәйкес жария етуге жатпайтын құпия ақпаратқа жататынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 11-бабы 16-тармағының 3-тармақшасы және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабы 2, 3, 8-тармақтары негізінде қордың бұл ақпаратты жария етуге құқығы жоқ", - делінген "Самұрық-Қазына" АҚ қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы Ғибрат Ауғанов қол қойған "Самұрық-Қазына" АҚ жауабында.