«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасы тағайындалды

«Бейсенбі күні «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның ұжымына «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 2011 жылдың 23 мамырындағы №21/11 шешімімен тағайындалған басқарманың жаңа төрағасы Болат Палымбетовты таныстырды», - делінген хабарламада.

Б. Палымбетов 2010 жылдың мамырынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы, 2009 жылы құрылған. Қор қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының дағдарысқа қарсы бағдарламасын аяқтау, жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру және дамыту.