"Самұрықтың" басшысы холдингке кіретін ұлттық компаниялардың орталық аппараттарын қысқартпақ

"Біз орталық аппараттар штатының негізділігіне тағы бір рет мұқият талдау жүргізіп, айтарлықтай қысқарту жүргізуді жоспарлап отыр",- деді бүгін мәжілістің "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында сөз сөйлеген Қанат Бозумбаев.

"Мысалы, мен "ҚазМұнайгазда" президент аппараты бар екендігін, ондағы адам саны 100-ден асып жығылады, дегенді білгенде таң қалдым. Бұл мемлекет президентінің аппаратымен бірдей",- деп атап өтті ол.

"Біз қысқартулар жүргіземіз, және де мен бұл мәселемен тікелей өзім айналысамын",- деп нақтылады Қ. Бозумбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті