Санада Йемен Қорғаныс министрлігі ғимаратының маңында болған теракт салдарынан құрбан болғандар саны 52 адамға жетті

«Террористік акт салдарынан 52 адам қайтыс боллы", - деп журналистерге Жоғарғы қауіпсіздік кеіесінің өкілі мәлімдеді.

Тағы 167 адам жарақат алған, тоғызының жарақаты ауыр.

Қайтыс болғандар арасында шетелдік сегіз дәрігер бар. Олар Германия, Вьетнам, Филиппин, Үндістан, Венесуэла азаматтары.

Жарылғыш затты жанкешті іске қосқан. Ол Йемен қорғаныс ведомствосы кешенінің орталық қақпасына барып көлікті соққан.