20 қазаннан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы күшіне енеді. Аталған заңға сәйкес автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірін бергенi үшiн - айлық есептік көрсеткіштен 13 700 пайыз; автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - айлық есептік көрсеткіштен 22 800 пайыз мөлшерінде мемлекеттік баж белгіленген. 2014 жылы аталған тіркеу нөмірлерінің ақшалай баламасы сәйкесінше 253 мың 724 теңге және 422 мың 256 теңгені құрайды.