Caravan.kz медиа порталының тілшісі № 6 оқушылар үйі ЮНЕСКА клубы "SALTANAT" сәндік-қолданбалы өнер студиясының жетекшісі Абдильдина Салтанат Баймолдақызымен балалар өнері жайлы әңгімелесті.
- Өзіңіз жетекшілік ететін өнер орталығына тоқталсаңыз, балалармен қалай жұмыс істейсіздер?
- Біз өнер студиясында барлығын өзіміз үйретеміз. Кез-келген жұмысты бастар алдын оның шығу тарихымен, ерекшеліктерімен танысу сағаты өткізіледі. Әсіресе, бастауыш сынып балаларының қолдарының маторикасын дамытуда моншақпен тоқудың ықпалы зор.Шәкірттердің ой-қиялдарының дамуына, еске сақтау қабілеттерін ің кеңейуіне әсері мол. Зейінділікке, ұйымшылдық пен шығармашылыққа үйренеді. Бұл мектеп сабағы емес, сондықтан балалар бір-бірімен ақылдасып, ойларын ортаға салып, еркін әңгімелесе отырып жұмыс жасай алады. Кейде ақырын ойнайтын музыка қосып та қоямыз.Себебі, балалар рухани түрде де демалулары қажет. Еркін отырып, көңілі қалайтын іспен айналысқанда ғана дұрыс нәтижеге жетуге болады. Шыдамдылыққа, төзімділікке баулиды.
Біздің өнер орталығы 2020 жылдан бастап "Үлгілі" студия атанды.
- Өзіңіз дамытып отырған сәндік қолданбалы өнердің ерекшеліктері қандай? Оның қыр-сырларымен бөлісе отырсаңыз...
- Әр халықтың ғасырлар бойы жинақталып белгілі бір жүйеге түскен рухани өмірінің ұлттық мәдениеті бар. Сәндік-қолданбалы өнер - мол рухани мәдениеттің маңызды бір саласы.
Сәндік-қолданбалы өнер ұғымы ХХ ғасырдың 2-ші жартысының алпысыншы жылдар ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халқымыздың қарапайым түсінігінде "қолөнер" ұғымының аясында қабылданып, пайдаланып келді. Сәндік-қолданбалы өнер қашанда заман, өмір ағымымен туындап, дамып отырады. Бұл өнер - жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салалардың бірі. Ғасырлар бойы екшелеп, көркемдік сапасы артып бүгінгі күнге дейін жеткен өнер қазіргі заманмен ұлғасуда.
Біздің студия шәкірттері бисермен тоқу, жіптен, жүннен картиналар, әсем паннолар жасауды үйренеді. Әртүрлі әдемі, сәнді заманға сай бұйымдар, әшекейлер бір көргенде-ақ балаларды өзіне тартады.
Студия шәкірттерінің жұмыстарын көргенде балалардың көздерінде ұшқын ойнайды. Менің міндетім осы ұшқынды сөндірмеу. Әрбір балаға тиісті көңіл бөліп, алған білімдерінің алдағы болашақтарына тигізетін әсерінің мол екенін жете түсіндіру.
Үйірме жұмысы - өте күрделі процесс. Бұл шығармашылық - балалардың ішкі дүниесін ашатын үлкен іс. Шәкірттерге ерік бере отырып, үлкен баппен байыптап керекті бағытқа баулу міндетті.
- Шәкірттеріңіздің жетістіктері қандай, халықаралық байқауларға қатыстыңыздар ма?
- Әрине, халықаралық байқауларға қатыстық. Бұл жетістіктер бізге әрдайым күш-қуат береді. Жетістіктің нәтижесін көрген әрбір шыкірт пен ұстаздың алға қарай ұмтылуына, талпынуына ерік-жігер береді. Еңбегіміздің еш кетпей, бағалануы бәрімізді қуантады.
Жетістіктеріміз өте көп. Бірнешеуін ғана айтар болсам:
Халықаралық "Тұлпар-2019" шығармашылық байқауының l-ші дәрежелі дипломы және алғыс хат (JOCKEY CLUB) 2019ж.
Халықаралық "Зимнее настроение " сәндік-қолданбалы өнер байқауының I-ші дәрежелі дипломы,алғыс хат (Новосибирск) 2019ж.
Халықаралық "Осень в моем городе"шығармашылық байқауының Бас жүлде, l-ші орын иегері,алғыс хат (Ресейдің қазақстандағы Бас консулдығы) 2019-2021ж.
Il-ші Халықаралық "Времена года"сурет және қолөнер байқауының l, ll дәрежелі дипломы,алғыс хат 2020ж.
Халықаралық "Зимняя фантазия" шығармашылық байқауы. Бас жүлде, l дәрежелі дипломы,алғыс хат (Арт студия Март при поддержке НЦ"Бобек") 2019-2022ж.
Халықаралық "Наурыз,весна-возрождение!" шығармашылық байқауының Бас жүлдесі мен l орын иегері, алғыс хат (Ресей елшілігінің Бас консулдығы) 2019-2022ж
Халықаралық "Свободная тема-2021"l орын алғыс хат (МОЦИиТР) 2021ж.
Халықаралық "Бойтұмар" шығармашылық байқауы Бас жүлде, l орын иегері, 2021ж.
Халықаралық "Golden Talents" сәндік-қолданбалы өнер байқауының Бас жүлде, l орын иегері 2021ж Халықаралық "Ұлы даланың жеті қыры" сурет және қолөнер байқауы
Республикалық "Тәуелсіздік - тұғырым" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауы. Бас жүлде, І орын иегерлері,алғыс хат(2020ж.)
Республикалық "Ұлы Абайды ұлықтау-ұрпақ міндеті"өнер мен білім байқауы І,ІІ орын иегерлері, алғыс хат (2020ж.)
"BALBULAQ" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған Республикалық "Күй анасы - Дина". Дина Нүрпейісованың 160 жылдығына арналған өнер байқауы. Бас жүлде, Іорын, диплом, медаль, алғыс хат (2021ж.)
Республикалық "Независимость глазами детей " тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай шығармашылық байқауы І, ІІ орын иегерлері, алғыс хат (ОФ"МАНПиИД") 2021ж.
"Абырой" интелектуалды порталы қашықтықтан өткізген Республикалық "Я талантлив"байқауы. Бас жүлде иегерлері,алғыс хат (Нұр-Сұлтан қ.) 2022ж.
"Daraboz Education"желілікғылыми журналыныңұйымдастыруымен Республикалық "Өнерлі өрге жүзер" байқауы. Бас жүлде иегерлері,алғыс хат
(Нұр-Сұлтан қ.) 2022 ж.
"SALTANAT" студиясы мүшелерінің жетістіктері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көріп жүр. Шәкірттерім де,өзім де биік белестерден көрініп, жоғары бағаландық деп қуанышпен айта аламын.
Бұл тынбай еңбек еткеннің жемісі, жеңісі десем де болады.
Республикалық "Balbulag"балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы "Үздік ұстаз-2021" төсбелгісімен марапаттады.(2021ж.)
Республикалық "БОЙТҰМАР" балалар менжасөспірімдер әдеби-танымдылық журналы білім беру саласындағы шығармашыл,ұстаздық еңбегім үшін диплом мен "Мәртебелі педагог" төсбелгісімен марапаттады(2021ж.)
Республикалық "Ұстаз-мектеп тірегі" ғылыми әдістемелік журналы Үздік мақалам үшін Алғыс зат жәнеДипломмен марапаттады (2019ж.),
"Үздік іскерлік сабақ"аталымы бойынша диплом,алғыс хат (2020ж.)
Республикалық "Балдәурен"дамыту орталығы Республикалық балалар,ұстаздар арасында өткізілген шығармашылық байқауына дарынды шәкірт дайындағаным үшін "Үздік жетекші" дипломы мен алғыс хат және медальмен марапаттады (2021ж.)
Халықаралық "Зимняя фантазия" байқауына қатысып белсенділік көрсеткенім үшін Мадақтама берілді(2021ж.)
Атап өткенімдей, "SALTANAT" үздік сәндік- қолданбалы өнер студиясының шәкірттері қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Шәкірттерім менің мақтанышым деп айта аламын.
Байқаулардан басқа да көптеген іс-шаралар-отырыстар, дөңгелек үстел, тақырыптық кештер өткізу әдетке айналған.
Қалалық "Художник-душа эпохи" байқауы. Бас жүлде, І,ІІ орындар,алғыс хат, медаль (Многопрофильн.колледж Алматы) 2019ж.
Қалалық "Алтын күз" шығармашылық байқауы. Бас жүлде, І, ІІ орын иегерлері,алғыс хат (2019ж.)
Қалалық "Птица года-Дрофа" сурет,қолөнер байқауы. Бас жүлде, І, ІІ орындар, алғыс хат (2019ж)
Қалалық "Пеликан-Птица года2021" балалар шығармашылық байқауы І, ІІорын иегерлері, алғыс хат (2021ж)
Қалалық "Мудрость в обличий красоты"шығармашылық байқауы І, ІІ орын иегерлері, алғыс хат (НИШ) 2019ж.
- Баланы интернет тәрбиелеген уақыттамыз. Осы жайлы не айтасыз?
- Иә, рас. Баланы интернет тәрбиелеген уақыттамыз. Бұл жайлы айтарым көп. Заманды кері қайтара алмайсың. Адамзаттың ерекше ақыл иелері ойлап тапқан жаңалықтарды жоя алмайсың. Түбінде адамзаттың көздегені - осы прогрессивті қолданбалы жаңалықтар ғой. Тек, осы жаңалықтарды дұрыс қолдана білу керек. Интернетті бала тәрбиесіне араластырмау керек еді. Енді балалар дұрыс ақпарат алып, білімін шыңдау үшін, сол интернеттегі ақпарат көздері мен сайттарды қадағалап, керек кезде шетелдік ақпарат көздерін жаба салатындай, отандық контенттеді жақсартып, санын көбейту керек. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай шектеулер қойылса дұрыс болар еді.
- Рахмет, сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!