Осы материалдан кейін Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне хабарласқан арызданушылардың айтуынша, бұл әйелдің айтқан сөзінің бәрі өтірік.
Біріншіден, «Айна Керей мен Айман Утуджуға ғана қарызбын» дегені жалған. Екіншіден, «оларға ақшаны пайызымен қайтаратын болдым» дегені де шындыққа жанаспайды. Ал арызданушылар қазір тергеушінің айтуымен журналистерге сұхбат бермей отыр екен. Айгүл Орынбек болса, бұл жағдайды Фейсбукке жариялауына басқа жұрт алданып қалмасын деген ой себеп болғанын айтты. Сондай-ақ, құдасына көмектесу үшін қарыз алдым дегені де өтірік дейді қарсы жақ.
Мынау суреттерден Сандуғаштың Айнадан (Айнагүл Хамитова) 700 мың теңге емес, 3 мың доллар (қазіргі бағаммен 1 миллион теңге) алғанын және ақшаны уақытында қайтармағаны үшін іс қозғалғанын, Мереке Сайв деген азаматшаға 4 миллион теңге қарыз екенін көруге болады.