Полиция қызметкерлері анықтағандай, зардап шегуші мен үй иесі сол күні бірге спирттік ішімдік ішкен. Біраздан соң екеуінің арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Ұрыс-керіс кезінде үй иесі өзінің қонағының басынан ұрып, оның өліміне себепкер болған.
ҚР ҚК 103-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша қамау изоляторына тоғытылды.