Саңыраулақ терем деп адасып кеткен кейуана табылды

Кейуана орманға туыстарымен бірге барғанымен, тым алысқа ұзап, адасып кеткен. Оны бес күн бойы тәртіп сақшылары, ауылдастары, әскери бөлімнің сарбаздары мен төтенше жағдай  қызметінің өкілдері сабылып іздеді. Соңғылары тіпті орманның үстін тікұшақпен сүзіп шыққан.  Тоқтаусыз жауған жаңбыр ағаш  арасын итпен тінтуге мұрша бермепті. Десе де, кейуана өзге ауылдың маңындағы ағаш арасынан шалажансар күйінде табылды. Қазір ол қалалық  аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.  


Андрей Кухарук, реаниматолог-дәрігер: 

-Бізге түскенде ол есін білмей жатты. Қазір жағдайы жақсарып келеді. Аздап есін жиды. Толық жазылып кетеді деген сенім бар.