Светлана Хабушева бұған дейін де қала маңындағы орманнан жалғыз өзі барып, саңырауқұлақ теріп келеді екен. Бірақ бұл жолы қозықұйрық жинауға шыққан 4 баланың анасы үйіне оралмаған. 3-4 күн өте оның киімдері ағаш арасынан табылған болатын. Жанында ішілген арақтың шөлмектері жатыпты. Ал жалаңаш мәйіт 1 аптадан кейін табылып отыр. Тау етегінде жатқан денені құрт-құмырсқа кеміре бастапты.