Санитарлық қызмет халықтың тұтынып отырған ауыз суының ластануына байланысты алаңдаулы

"Жоғары минералды, хлорид, сульфаттары мен құрамында тұздары бар ауыз суды ішіп отырған халық арасында несеп тасы, өтке тас байлану, жүрек - қан тамыры аурулары және ас қорыту жүйесінде пайда болатын түрлі дерттер көбейді ", - деп мәлімдеді А. Белоног.

Ол атап өткеніндей, "ауыз суға түрлі қатерлі микроорганизмдердің түсуін алдын алып, ескертулер жасалуы өте маңызды", өйткені " пайдаланып отырған судың микробтар мен вирустармен ластануы эпидемиологиялық жағдайды ушықтырып, түрлі ішек инфекцияларын, гепатит және т. б. ауруларды қоздырады".

"Соңғы 10 жылда судың ластануына қатысты 31 оқиға тіркеліп, 6 облыста 4380 адам зардап шекті", -деді А. Белоног.

Ол атап өткеніндей, "соңғы жылдары су тазалығын сақтамаған нысандарға 1180 айыппұл салынып, 112-нің қызметі тоқтатылып, 203 іс прокуратураға тапсырылды".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті